Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО Зырян ауданында Халифа Алтайдың 100 жылдығына орай бата жарысы өтті

13.02.2017 4059 0 пікір

Биылғы жылы дін ғұламасы, түркітанушы ғалым, Халифа Алтайдың 100 жылдығына орай Діни басқармадан шаралар өтетіндігі жарияланған болатын.

Осы датаға байланысты ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігі ғұлама ғалымның 100 жылдығына орай өңір мешіттерінде шаралар ұйымдастыру туралы тапсырма берген болатын.

Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық «Ақтан» мешіті Халифа Алтайдың 100 жылдығына орай Ғұлама ғалымның мерейтойына шаралар ұйымдастырды.

Шара аясында аудандық мешітте ақсақалдар арасында бата жарысы ұйымдастырлыды. Бата сайысына ауданның белгілі батагөйлері қатысып, кестелі сөзбен ұлағатты баталар айтып, сайысқа түсті. Сайыста топ жарған ақсақалдарға мешіт атынан сыйлық, марапат ұсынылды.

Шәкірттер арасында «Халифа Алтай» атындағы аудандық Құран жарысы өтті. Сайысқа қатысқан шәкірттер Құранды бар нақышымен мәнерлеп оқып, сайысты. Көрермендер де шәкірттердің Құран оқу мәнеріне тәнті болды. Құранды әсерлі мәнермен оқып, өзгелерден озып шыққан қатысушы шәкірттерге орын иелендіріп, сыйлық табысталды.

Шара соңынан аудандық «Ақтан» мешітінің хатымханасында жамағаттарға және шараға арнайы келген қауымыға дастархан жайылып, Халифа Алтайдың рухына арналып ас берілді. Марқұмның рухына Құран бағышталып, ел-жұртымызға тыныштың тілеп, дұға жасалды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру