
Кеше Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Павлодар қаласынан келген психолог маман Гүлназ Раздыкова қала мешіттерінің әйел ұстаздарымен, теологтарымен кездесіп, семинар-тренинг жүргізді.
Бүгінде дінді жаңсақ түсінгендіктен, жаза басып, жазасын өтеп жүрген теріс ағым өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Осы ретте, бас бостандығы шектелген азаматтармен жекелей кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін психолог маман Гүлназ Раздыкова тренинг барысында теолог мамандар және әйел ұстаздармен тәжірибесімен бөлісті. Сөйлесу кезінде туындайтын кедергілер мен түйткілдермен таныстырды, оны шешу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы орталық тарапынан әзірленген 20-ға жуық әдістемелік құралдар, нұсқамалық еңбектер мен кітапшаларды ұстаздарға табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2017
3299
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру