Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО-да «Балалар үйіне» қайырымдылық жасалды

13.02.2017 3815 0 пікір

ҚМДБ-ның негізгі төрт бағытының бірі - әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмек, қайырымдылық жасау шарасын жиі ұйымдастыру.

Осы бағыттағы жұмыстарды пәрменді іске асыру туралы қалалық, аудандық мешіттерге Өскемен аймағы өкілдігі арнайы міндет жүктеп, жоспар жасаған болатын.

Осы тапсырмалараға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен қалалық орталық мешіті» қаладағы «Балалар үйіне» қайырымдылық жасады

Шара аясында жетім көңіл балаларға түрлі ойыншықтар, тәттілер, керекті заттар таратылды.

Балалар мешіт тарапынан жасалған сыйлықтарға разы болып, бір жасап, жадырап қалысты.

Сонымен қатар, оларды мешіттен арнайы автобуспен алып, қала ішіндегі балаларға арналған ойын алаңдарына, көрікті жерлерге апарып ойнатты.

«Қайрымдылық шарасын әртүрлі форматта өткізу біздің басты бағытымыз. Біз өкілдіктен берліген жоспар аясында осынау бастаманы іске асырып отырмыз. Қайырымдылық бағытындағы жұмыстар бұдан ары да жүйелі жалғаса беретін болады» деп атап өтті, шара барысында «Өскемен орталық мешітінен» игі істі ұйымдастырушылар.

«Балалар үйінің» басшылығы сауапты іс жасап, балалардың көңілін көтеріп, қамқорлық жасаған «Өскемен орталық мешітінің» ұжымына алғыс білдіріп, хақ дін жолындағы халық игілгі үшінгі жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру