
Қасиетті жұма күні Тараз қаласының жамағаты белгілі исламтанушы ғалым Ғазиз Ахметовтың жаңа қызметіне табыстар тілеп, ақ батасымен шығарып салды. «Кеңесхан қажы» мешітінің алғашқы бас имамы болып сайланған дін маманы бүгінде қызметі бойынша республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне қайта оралды.
Жұма намазының алдында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев Ғазиз Ахметовтің жасаған еңбегіне тоқталып өтіп, алғыс хатпен марапаттады. Қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, ақ батасын арнады. Мешіт жамағаты да сүйікті ұстаздарымен қимастықпен қоштасты.
Аталмыш қалалық мешітке ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Қанат Әділханұлы Жұмағұлов жаңа бас имам болып тағайындалды. Білікті дін маманы бұған дейін «Нұр Астана» Орталық мешітінде, Атырау қаласындағы «Әт-Тақуа» мешіттерінде жемісті қызмет атқарған.
Жаңа бас имамды жамағатқа таныстырып өткен өкіл имам Қ.Жұмағұловтың қызметіне толағай табыстар тілеп, үміт-сенімін білдірді.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2017
3641
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру