Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда «Жәрмеңкемен жәрдемдес» акциясы өтті

10.02.2017 3711 0 пікір

Жамағат арасын біріктіріп, ынтымаққа шақыру мақсатында Талдықорған "Иман" орталық мешітінің ауласында «Жәрмеңкемен жәрдемдес» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге мешіттің әйелдер және шәкірттер жамағаты аса құлшыныспен дайындалып, қала тұрғындарының назарына түрлі азық-түлік өнімдерінен жасалған тәтті тағамдар ұсынылды. Саудадан түскен қаражат мешіт жанындағы қайырымдылық іс-шараларына жұмсалынбақ.

Шараға қатысушылар намаздан соң ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін аса құлшыныспен орындады. Ал келушілер өз кезегінде Алла үйінен дәм татып, сауапты істерге қуана атсалысты.

Мешіттің әдемі дәстүріне айналған аталмыш қайырымдылық жәрмеңкесі қаламыздың өзге де мешіттерінде жалғасын таба бермек.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі 
бойынша баспасөз қызыметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру