ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық мұсылмандар мешітіне Құжапов Тұрсынғали жаңадан имам болып тағайындалды.
Тағайындау рәсіміне Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Александрұлы, аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Бауыржанұлы, Тайпақ ауылының тұрғындары қатысты.
Тұрсынғали Төлеуғалиұлы 18.02.1980 жылы дүниеге келген. 2007 -2012 жылдары аралығында Жаңақала аудандық мешітінде имам қызметін абыройлы атқарып, 2012-2017 жылдары аралығында Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылдық мешітінде имам болып, ел-жұртпен тез тіл-табысып, белсенді еңбек етті.
ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Руслан қажы Тыныштықұлы жаңа қызметке тағайындалған Тұрсынғали Төлеуғалиұлы асыл дініміз Исламды насихаттауда аянбай абыройлы қызмет етуіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жаңа қызметке білек сыбана кіріскен имам өзіне тапсырған дін аманатын сеніммен ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.02.2017
4596
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру