Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазнетте суицид пен терроризмді насихаттайтын 110 мың материал жойылды

09.02.2017 3359 0 пікір

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев былтыр интернет-ресурс иеленушілері мен әкімшілеріне 150 мың ақпараттық материал бойынша 500 ескерту айтылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«2016 жылы интернет-ресурс иеленушілері мен әкімшілеріне 150 мың ақпараттық материалға қатысты ескерту жазылған 500 хат жолданды. Осы арқылы интернет-ресурс иеленушілері терроризм мен экстремизм, зұлымдықты, суицидті насихаттайтын заңға қайшы 110 мың материалды жойды. Бұдан бөлек, 2016 жылы 31 мың материалды жою туралы ұйғарым шықты, оның арасында 26 мың материал зұлымдық, зорлық-зомбылық, суицидті насихаттайды», - деді Дәурен Абаев кеңейтілген алқа отырысында.

Былтыр сот органдарына интернет-ресурстардың заңға қайшы 164 сілтемесіне қатысты 17 арыз түскенін және сәйкес шешім қабылданғанын айта кетті министр. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру