Бүгін «Астана» медресесінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауына байланысты шәкірттермен кездесу өтті.
Медресе шәкірттеріне «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан мен «Астана» медресесі директорының орынбасары Қанат Оңғарбаев Мемлекет басшысының Жолдауында ел дамуының болашақ бағдарлары қамтылғанын баяндады.
Сонымен қатар, халықтар бірлігі мен ынтымақтастығын арттыруда маңызды рөл атқаратын дәстүрлі дінімізді одан әрі насихаттап, өркениетті қоғам қалыптастыруға күш салу, қоғамның тұтастығын сақтау жолында еңбек ету де әрбір азаматқа жүктелер жауапкершілік екені түсіндірілді. Кездесу соңында ел руханиятына қатысты бағдарларды іске асыру барша дін қызметкерлері мен мамандарына ортақ міндет деген тұжырым жасалды.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.02.2017
3195
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру