Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Универсиада қонақтары Қазақстан және Алматы мешіттері жайлы не дейді?

08.02.2017 6963 0 пікір

Аламаты қаласында өткен 28 қысқы студенттер Универсиадасынан Қазақстан спортшылары мол табысқа қол жеткізіп, командалық есепте екінші орын алды.

55-тен астам елден 2000 спортшы қатысады деп күтілген қысқы Универсиадаға 3000-нан астам еріктілер (волонтер) жұмылдырылды. Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Ауесханұлы тапсырмасы бойынша  көрікті, тарихи діни ордаларға да еріктілер қызметке жұмылдырылды. Бас имам тапсырмалары аясында шараға арнайы салынған спорт қалашығында Алла алдындағы құлшылығын өтеулері үшін спортшыларға арналған Құлшылық бөлмесі ашылып, ағылшын, араб, орыс және қазақ тілінде еркін сөйлейтін дін мамандары қызмет етті.

Шет елдерден келген спортшылар мен жанкүйерлердің мешіттерімізді зиярат етулері кезінде мешіт тарихы мен діни ахуалды таныстыру үшін 4 тілді еркін меңгерген "Нұр-Мүбәрәк" университетінің 16 студенті қызметке жұмылдырылды.

"Нұр-Мүбәрәк" университетінің еріктілері мешіттерімізге келген жанкүйерлерді лайықты түрде күтіп алды. Спортшылар мен жанкүйерлер мешіттеріміздің көркі мен ондағы дін қызметкерлерінің ықыласынан алған әсерлерімен бөлісті.


Шетелдік қонақтардың әсерімен бөліскен "Нұр-Мүбәрәк" университетінің еріктілерінің бірі Шыңғыс Азаматұлы Алматы орталық мешітіне келген қонақтардың пікірін былайша жеткізді:

Рето (Швейцария спортшысы, Шаңғы спортының қола жүлдегері)

- «Мені ең таң қалдырғаны, мешіттің күмбездері мен аспашамының көркемдігі әрі соншалықты үлкен бола тұра күмбездері мен мәрмәрларының тазалығы».

Ги Ок (Корей азаматшасы)

- «Құранның 1-сүресі Фатиха сүресінің мағынасын түсінгеніме қуаныштымын».

Вильем (Канада спортшысы)

«Қазақстан азаматтары өте қонақжай, асханалары дәмді тамақтар дайындайды. Әрдайым жылы жүзбен күімсіреп қарайды. Спортшыларға арналған қалашықтағы жағдай сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес... Өте керемет әсердемін».

Габриель (Канада спортшысы)

- «Кілемдеріңіз керемет, әдемі әрі жұмсақ, жайлы екен. Егер біздің шіркеулерде осындай кілемдер төселсе, бәлкім шіркеуге барар едім».

«Әрине, барлық шетелдіктердің пікірін өз жадымда сақтай алмадым, бірақ олардың Қазақстаннан алған әсерлері өте жақсы. Әрбір шетелдіктің аузынан естігенім «Неткен қонақ жайлылық. Әсіресе, қай жерге барсақ та өз тілімізде сөйлесіп, сұрақтарымызға жауап алатын адамдар күтіп алып жатты. Тіптен, мешіттер ішінде ортақ тілді қызметкерлерді көргенімізде қуанышымызда шек қалмады», - деп Шыңғыс өз ойын қорытындылады.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру