ҚМДБ-ның айрықша жұмыстарының бірі - түрлі кереғар ағым мүшелерімен және абақтыда жазасын өтеушілермен жеке кездесу өткізу. Осыған байланысты Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде жиналыс болып өтті.
Аталмыш шараны өкіл имам А.Керімбек ашып, төрағалық етті. Бүгінгі таңда облыс аумағында жеке кездесу жұмыстарына облыс имам орынбасарлары Амантай Садиев болса, ал абақтыда жазасын өтеушілермен Мұсабек Ақтамберді жетекшілік етуде. Оның жетекшілігімен Шымкент қаласында 30 маман, ал қала, аудан деңгейінде 70 маман жұмыс жасайтын болады.
Жиналыс барысында әрбір маманға алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстарының саны мен сапасын күшейту қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар, жеке кездесуде жұмыс жасайтын маманды «Шымкент», «Сарыағаш» медресе-коллежінің оқу базасында біліктіліктерін арттыруға арналған семинар-тренинг өткізу және кереғар ағымдардың алдын алу мақсатында анықтамалық ақпараттық кітапшалар мен парақшалар шығару жоспарлануда.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.02.2017
3446
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру