ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі мен Республикалық «Көкжиек» баспасының ұйытқы болуымен желтоқсан, қаңтар айларында «Мешітке кітап сыйлайық!» атты шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасы кезінде демеуші, қолы ашық азаматтар тарапынан 75 мешіт кітапхана сөресіне 13 түрлі кітаптар үлестірілді. Оның ішінде Шымкент қаласы облыстық орталық мешіті мен «Шымкент» медресе-колледжінің кітапханасына үлестірілгенін атап өту керек.
Сондай-ақ, шара аясында қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдарына 13 түрлі кітап хадия етілді.
Алла Тағала шараға қолдау білдірген барша азаматтарға разы болсын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.02.2017
3604
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру