Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Науан хазірет мешітінің сайты ашылды

07.02.2017 5217 0 пікір

Ақмола облыстық Науан хазірет мешітінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел шарасы болып өтті. Бұл басқосуды ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі Қанат Қыдырмин ашып, кіріспе сөз сөйледі. Онда діни құндылықтарды насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екенін атап көрсетті.

Алдымен облыстың 2016 жылы атқарған жұмыстары жайлы бейне ролик көрсетілді. Онда төрт бағыт бойынша атқарылған іс-шаралар деректер арқылы ұсынылды. Уағыз-насихат жұмысы да жанданып, қайырымдылық бағытта  да тұшымды жұмыстар тындырылды. Теріс ағымдармен күрес мәселесіне де кеңінен көңіл бөлінді.

Осы күні Науан хазірет мешітінің жаңа «Nasihat.kz» ақпараттық рухани ағарту порталының таныстырылымы өткізілді. Мұнда өңірдегі ғана емес, әлемдегі  діни тағылымды оқиғалар мен жаңалықтар, дәстүрлі ислам құндылықтары жайлы танымдық зерттеулер мен мақалалар жарияланатын болады.

Мешіттің жаңа бастамасына қолдау білдірген әдебиетші-журналист Сәбит Жәмбек, «Көкшетау» қалалық газетінің бас редакторы, жазушы Серік Жетпісқалиев, облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі Қалкөз Жүсіп және тағы басқалары жылы пікірлерін айтты. Өздерінің де асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға үлес қосатындықтарын атап көрсетті.

Мешіттің баспасөз хатшысы Бақыт Смағұлдың ұсынысымен дін тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистердің басын қосатын баспасөз клубы құрылды. Мерзімдік баспасөзде ғана емес, әлеуметтік жүйелерде де діни және ұлттық тағылымды құндылықтарды насихаттай берудің маңызды екенін аталып  көрсетілді.

Соңынан мешіттің жаңа сайттың нұсқасын жасауға үлес қосқан Қазбек Мадгуловқа арнайы сый-сияпат жасалды.

 

Nasihat.kz 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру