Теміртау қалалық орталық мешітінде ҚМДБ Қарағанды өкілдігі бойынша "Әйелдер-қыздар" секторының және Сарань, Теміртау қалалық мешіттері жамағатының ұйымдастыруымен «Аялы Алақан» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде төмен бағамен ұсынылған қолдан жасалған дәмді тоқаштар, бәліштер, ыстық тағамдар, сондай-ақ, діни кітаптар көпшіліктің назарына ұсынылды. Қайырымдылық акциясында жиналған қаражат әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетімдер үйіне үлестіріліп берілмек. Алдағы уақытта мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету мақсатында тағы да бірнеше іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.02.2017
4646
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру