Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйелдер жамағаты мәйітті кебіндеу тақырыбында ашық сабақ өткізді

03.02.2017 4511 0 пікір

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚМДБ-ның «Әйел-қыздар» секторының Атырау өкілдігі мәйітті кебіндеу рәсіміне арналған шеберлік дәрісін өткізгенін хабарлаған болатынбыз. Дәріс негізінде мешіт жанындағы сауат ашу курсы шәкірттерінен емтихан қабылданған еді.

Осыған орай, апта ішінде алынған теориялық білімді пысықтау мақсатында кебіншілер тобы ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа мешіт азаншысы Арман Урумбаев, кезекші молда Кәкімжан Кенжинов қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ашық сабақ барысында шәкірттер марқұмды арулап кебіндеу рәсімінің орындалу ретін көрсетіп, аталған тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында ұстаз А.Түзелова халыққа қызмет ететін кебіншілер тобының құрылғанын атап айтты. Әзірге кебіншілер саны – 15 әйел адам. Олар алдағы уақытта халық сұранысына сай кебіндеу қызметіне араласпақ.

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру