Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Өскемен өкілдігі Елбасы Жолдауын қолдау жиынын өткізді

02.02.2017 3640 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Ж олдауын талқылады. Іс-шара А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өтті.

Басқосуға Өскемен қаласындағы мешіттердің имамдары мен ұстаздары, облыстық мешітте білім алып жүрген аудандардан келген шәкірттер қатысты.

«Елбасымыз биылғы Жолдауында еліміздің жарқын болашақтағы даму жолын айқындап берді. Жолдау қоғамның барлық саласын қамтып отыр. Оған ат салысу, біздің парызымыз. Елбасымыз өз Жолдауында татулық пен тұрақтылықтың ел дамуында маңызды екендігін баса айтты. Біз қоғамдағы татулықты сақтауда өз үлесімізді қоса отырып, ізгілік қағидаттарын насихаттаймыз. Әсіресе, Жолдаудағы 5 басым бағыттарды жүзеге асыруға үн қосамыз. Елбасымыз Жолдауында ғылымның дамуына ілесу, жаһандық бәсекеге қабілетті болу, тың жаңалықтар ашу қажеттігін атап айтты. Қасиетті Құранда да және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеттерінде де ғылым игеру, жетілудің маңыздылығы айырықша атылып, бірнеше мәрте айқын көрсетілген» дей келе, «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсартудағы , білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген Елбасы тапсырмасын қасиетті Құрандағы білм игеру, талпыну туралы өсиеттермен, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерімен  өрнектеп, көркем түрде жеткізді.

Сонымен қатар, шарада жас ғалым Әділ Сайлау қатысып, Елбасы Жолдауынан арнайы  баяндама жасады.

Елбасы жолдауын насихаттау шарасына арнайы келген ғалым Ә. Сайлау мырзаға, шараны ұйымдастыруға қолдау білдіргені үшін кітапхана ұжымына өкілдік тарапынан алғыс айтылды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру