Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Әйелдер-қыздар" секторы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

01.02.2017 3341 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы "Әйелдер-қыздар" секторы құрылғалы бері біршама насихаттық, қайырымдылық, рухани шаралар ұйымдастырып келеді.

Кезекті шара орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өтті. Қайырымдылық жәрмеңкесі аясында қала мешіттеріндегі әйелдер жамағаты қолөнер бұйымдарын, үйден жасалған тәтті өнімдерді саудаға шығарды. Саудаға шығарылған өнімдерден түскен қаржы қайырымдылық бағытта жұмсалатын болады.  "Әйелдер-қыздар" секторының облыстағы жетекшісі Файзуллина Марал ұстаз бұдан бөлек те біршама шараларды жоспарлап, жалпы облыс бойынша әйелдер жамағатымен жасалатын жұмысты күшейтуді жоспарлауда.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру