
«Иманғали» орталық мешіті жанындағы медреседе екі айлық сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. 30-шы қаңтар күні өткен курстың ашылу салтанатын ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ашып, білімнің маңыздылығы туралы сөз сөйледі.
Бас имам сауат ашу курсының қоғамдық қажеттілігін айта келе, Атырау облысына қарасты 7 ауданнан жиылған талапкерлерді медресе шәкірті атану қуанышымен құттықтады. «Білім алу – Алладан түскен ең алғашқы әмір. Дін - Исламның діңгегі. Отбасының берекесі, ұлттық қауіпсіздігіміздің кепілі. Бұл – ақиқат. Өйткені Қасиетті Құран білген мен білмегенді тең қоймай, білімнің адамзат өміріндегі мәртебесінің биіктігін баян етеді. Сүйікті Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті тал бесіктен көр бесікке дейін ілім алуға шақырады. Олай болса, өзін Алланың құлы, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметімін дейтін мұсылманның білім алуы – парыз», – деді Б. Берденұлы.
Сондай-ақ, шараға облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Ардақ Жұмабекұлы және қалалық «Әт-тақуа» мешітінің наиб имамы Әбдікәрім Болатұлы қатысып, мешіт тарапынан шәкірттердің үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты. Оқу сапасын арттыру мақсатында білікті теолог мамандар дәріс оқып, курс соңында шәкірттердің арнайы сертификаттарға ие болатынын жеткізді.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.02.2017
3956
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру