
Күндердің сұлтаны, кедейлердің қажылығы болған жұма күнінде Астана қаласы, «Теміржолшылар» кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде қос бірдей игі шара өтті.
Атап айтар болсақ, кезекті жұма намазына елімізге белгілі исламтанушы, РАНТ мүшесі Қабылбек Әліппайұлы келіп, жамағатқа «Иман мен амал» тақырыбында уағыз жүргізді. Жамағат осы тақырыптың төңірегіндегі көптеген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, «әс-Сәлам» мешіті жамағатына әр жұманың кешінде білікті де білімді ұстаздар шақырылып, салиқалы кездесу өткізу игі бір дәстүрге айналған.
Осы дәстүрге сәйкес, кешкі кездесуге келген «Әл-Ғани» мешітінің ұстазы Асхат Сәлімгерей жамағатқа «Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болын) деген махаббат» жайында ғибратты насихат айтты. Пайғамбар өмір тарихынан терең әсер алған жамағат Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншіліктің қалай болу керектігін жете ұғынды. Қалыптасқан игі дәстүр жалғасы бас имам Нұрбол Әбсаттарұлының ұйытқы болуымен дастархан басындағы басқосуға ұласты. Жиын соңында барша жиналған жамағат мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, мешітке келген қонақ ұстазға жүрекжарды баталарын берді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.02.2017
3774
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру