Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шу өңіріндегі мүбәрак Мәуліт кеші

31.01.2017 3900 0 пікір

Шу аудандық Төлеби мешітінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрметіне арналған Мүбарак Мәуліт кеші өткізілді.

Мәуліт кешіне Алланың қалауымен елімізге танымал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ мүшелері Ризабек Батталұлы, Жасұлан Жүсіпбек, «Нұр Мүбәрак» университетінің докторанты Оралхан Рахматбекұлы, «Нұр Мүбәрак» университеті мешітінің имамы Құрмет Смағулов, Алматы қаласы Орталық мешітінің азаншысы Қасым Әшімов, Тараз қаласы «Хибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы, Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің имамы Ораз Баймахан және «Өнер қырандары» театры қатысты.

Мәуліт кеші Қасиетті Құранның сүрелерін оқумен ашылды. Мәуліт мерекесіне орай жиналған мұсылман жамағатты аудан әкімінің орынбасары Айманбетов Е. және Жамбыл облыстық орталық «Хибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы құттықтап сөз сөйледі.

Кешті қонағымыз Алматы қаласы Орталық мешітінің азаншысы Қасым Әшімов мырза жүргізді. Келген қонағымыздың бірі ұстаз Ризабек Батталұлы жамағатқа сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүю туралы әсерлі уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, елімізге танымал «Өнер қырандары» театрының жігіттері өз өнерлерін көрсетіп діни тұрғыда «Аллаға Шүкіршілік» және «Адал ризық» атты көріністер қойып, халықты өздеріне баулай білді.

Жиналған жұртшылық Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы біраз мағлұмат алып, ерекше ықыласқа бөленді.

Кеш соңында Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлы сөз сөйлеп, уағыз айтып, артынан келген қонақтарымызға және жиналған жұртшылыққа өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар, жиналған жұртшылыққа «Ай ару» мейрамханасында Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арналған ас берілді. Дәм татқан жамағат келген қадірлі қонағымыздың бірі Оралхан Рахматбекұлының әсерлі уағызын тыңдады. Ас соңында еліміздегі танымалы жас қари Дулат Қолакұл Құран оқыды, «Хибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы батасын беріп дұға жасады.

 

 

Шу аудандық

Төлеби мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру