Қаңтар айының 28 күні Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде "Қыздар және әйелдер" секторы семинар өткізді. Семинардың тақырыбы "Отанды сүю - Иманнан". Семинарға Павлодар қаласына қарасты мешіттердің діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген әйел шәкірттер қатысты.
Мешіт ұстазы Кажуева Жұлдыз орыс тілде топқа Отанды сүюдің маңыздылығын және келешек ұрпақты Отан сүйгіштікке баулудың аса маңыздылығы жайында аят, хадистерден сілтеме жасай отырып, кең көлемде уағыздар айтты. Сонымен қатар, дін мен дәстүр, бүгінгі таңдағы діндегі адасушылықтар туралы да кеңінен түсіндірілді.
Отаны жоқтың дәстүрі, тілі, діні, тарихы болмақ емес. Өз ұлтын, елін сүймеген, оған құрмет көрсетпеген адамнан опасыздықтан басқа ешнәрсе күтуге болмайды. Қасиетті дініміз – Исламда отансүйгіштікке ерекше мән берген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Отан қорғаудың қаншалықты сауапты іс екендігі жөнінде көптеген хадистер айтқан. Бір сахаба Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Иә, Расулаллаһ, ең абзал амал не?», – деп сұрағанда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру, бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», – депті.
Көп ұлтты мемлекетіміз бүгінгідей бейбіт өмірде, рухани үйлесімде дами берсін. Алла Тағала егеменді, тәуелсіз Отанымыз – Қазақстанда әрдайым тыныштық, бірлік, ынтымақ болуын нәсіп етсін!
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.01.2017
4074
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру