ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі ҚМДБ-ның Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым, «Сарыағаш» медресесінің жұмысын жоғары деңгейге көтерген ұстаз, әрі сол медресенің директоры болған, қасиетті Құранды қазақша аударған ғалым марқұм Әбсаттар Смановтың рухына Құран бағыштап, дұға жасап, туыстарына көңіл шай берді.
Бұл ізгі амалға марқұмның туған ағасы Әбжаппар оңтүстіктен келіп қатысты. Алдымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жұма намазында уағыз айтып, келесіде мешіттің үлкен асханасында берілген көңіл шайдан соң, Әбжаппар ұстаз Павлодар ауылындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде болып ондағы шәкірттерге қысқаша уағыз айтты. Келесі кезекте Павлодар Мәшһүр Жүсіп атындағы «Құран жаттау орталығында» болып онда оқып жатқан болашақ жас қариларға ақыл-кеңестер айтты. Сонымен қатар, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің қарауындағы жастар мен студенттерге берілген тегін жатақханада тұрып жатқан студенттермен де кездесті.
«Марқұм Әбасттар Шәкірұлының ерен еңбегін керекулік мұсылмандар әрқашан мақтан тұтамыз. Алла Тағала ол кісінің рухын өз рақымына бөлеп, Жәннаттын нәсіп еткей! Біз ол кісінің Алла ризалығы үшін атқарып кеткен орасан зор игі амалдарының нәтижелі болуына әрқашан тілектеспіз» – деді Павлодарлық мұсылмандар атынан сөз алған дін жанашыры Тілеубаев Қанат.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.01.2017
3918
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру