«Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысы жоқ жандардың аз да болса көңілін көтеріп, оларға көмек қолын созу мақсатында құрылған. Шара Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жастар ісі бөлімімен бірлесіп өткен жылдың қаңтар айынан бастап ай сайын тұрақты түрде 25-30 отбасына ұн, қант, кеспе, сұйық май, шай секілді негізгі қажетті азық-түліктер бар пакеттерін арнайы жасалған тізім бойынша үлестіріп келеді. Осы пакеттерге қоса қайырымды жандардан жиналған тұрмысқа қажетті бұйымдар, әртүрлі киім-кешектер де тегін таратылуда.
Биылғы 2017 жылдың қаңтар айының соңғы күнін «Мәшһүр Жүсіп» мешіті тұрмысы төмен 25 отбасыға азық-түлік, киім-кешекпен қайырымдылық көмек жасаумен аяқтады.
Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)»(Хаж сүресі, 77-аят) – деп әмір еткен. Сол үшін мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол.
Алла Тағала барлығымыздың жүректерімізге қайырымдылық пен мейірімділікті молынан ұялатып, ізгі жандардың қатарынан болуды нәсіп етсін!
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.01.2017
3304
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру