
Семей қаласы Тыныбай мешітінің жанындағы сауат ашу курсында ақ жаулықты әжелеріміздің бастамасымен, қазақы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Дін мен дәстүр» тақырыбында рухани-танымдық шара өтті.
Сауат ашу курсының ұстаздары «Әйел адамның босанудан кейінгі күтімі» тақырыбында насихат айтты. Шәкірт қыздар «Бала тәрбиесі құрсақтан басталады», «Қазақ халқының қонақжайлығы» тақырыбында баяндамалар оқып берді. Ақ жаулықты әжелеріміз нәрестенің туғаннан бастап бір жасқа дейінгі уақытта дәтүрімізде орындалатын амалдарды қойылым ретінде көрсетті. Айта кететін бір жайт, мұсылмандық салттар әлдебір ырымға, адамға қатысты пайда болмаған, керісінше, пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан игі дәстүрлер. Ақ жаулықты әжелеріміздің бала тәрбиесіне қатысты көрсеткен дәстүрлерді тізбектеп айтсақ:
1) Туған нәрестемен сүйіншілеу. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген кезде Суәйбә күң Әбу Ләһәбті сүйіншіледі. Осы хабарды естіген кезде Әбу Ләһәб Суәйбаны күңдіктен босатты.
2) Нәрестеге айтылатын тілек бата. Ибн Аббастың (оған Алла разы болсын) батасы: «Алла саған берген тарту-сыйының берекесін берсін, Сый берушіге шүкіршілік қылғын, нәресте өссін, жақсылығын көруге нәсіп етсін!»
3) Нәрестенің құлағына азан айту. Азан айтудың сырларының бірі – ол нәрестені Аллаға, Оған ғибадат етуге, Оның діні исламға шақыру. Азанның даусынан шайтанның ат-тонын ала қашатыны.
4) Тахник, яғни баланың таңдайын тәтті нәрсемен сүрту. Бұл амалды тақуа, ізгі адамдарға тапсырған дұрыс. Жаңа туған нәрестеге Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасағаны туралы сахих хадистер келген.
5) Баланың шашын алу. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатима Хасанды босанған кезінде: «Уа Фатима! Оның шашын алып, сол шаштың салмағындай күміспен садақа бер», - деп бұйырған.
6) Ақиқа немесе шілдехана. Ақиқа туылған нәрестеге сойылатын мал. «Ұл бала үшін екі қой, қыз бала үшін бір қой сойылсын». (Термизи риуаяты).
7) Бесікке бөлеу және оның пайдасы.
8) Бала бесіктен белі шыққан соң еңбектеп, біртіндеп тәй-тәй басып жүре бастайды, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.
Бұл жасалған рухани-танымдық шарадан мешіт шәкірттері, келген қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрінің негізі мұсылманшылықта жатқанын түсінді. Шара соңынан дастархан жайылды.
Семей өңірі «Әйел-қыздар» секторы
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.01.2017
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру