Ислам дінінде білім алудың артықшылығы мен маңыздылығы аса жоғары орынға ие.
Әсіресе, хадис жаттаудың, хадистерді білудің өзіндік сауабы мен артықшылығы жоғары.
Алланың сөзі Құран Кәрімнен кейінгі орында Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі болып табылатын хадистер екені даусыз.
Хадисті оқу – құлшылық, оны үйрену – сауап болып табылады.
«Үмбетімнен қырық хадис үйренген әрі үйреткен жанды Алла Тағала фақиһтар мен ғалымдар қатарында тірілтеді» (Бәйһақи, Ибн Малик) деген хадисті біліп, осы қағиданы ұстанып, жамағаттарға арнайы хадис сабақтары өткізілуде.
Сабақты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат жүргізуде.
Өз сабақтарында өкіл имам Т.Омаров хадис шәріптер дініміздің бүкіл қырларын Расулалланың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тілімен бізге жеткізетіндігін, ислами өмірдің қыр-сырына үйрететінін жеткізуде.
Сабақтар сейсенбі және бейсенбі күндері құптан намазынан кейін өтуде.
Аталмыш дәрістер кезең-кезең бойынша өз жалғасын табатын болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.01.2017
2959
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру