Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетауда жамбы атудан сайыс өтті (Бейне)

30.01.2017 3797 0 пікір

Мәуліт айы аясында ҚМДБ-ның Ақмола облыстық өкілдігі мен Ұлттық ат спорт түрі жамбы атудан облыстық жарыс өткізді. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған додаға мектеп оқушылары мен ересектерден құралған командалар бақ сынауда.  

Көкшетау қаласы іргесіндегі "Красный Яр" ипподромында аттың құлағында ойнаған білекті де жүректі 30-ға жуық жігіт жамбы атып, өзара мықтыны анықтады.  

Жамбы ату жарысының басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, жастарымызды салауатты өмір салтына бейімдеу. Сондай-ақ, ерлікке, батылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. Ұлттық спорттың айла-тәсілдерін жас жеткіншектерге үйретіп жүрген Айболат Естай елімізде алғашқылардың бірі болып жамбы атудан спорт шебері атағын иеленді.

Жамбы атудан жарысқа қатысқан әр спортшы жүлдесіз қалмайды. Үздік шығып, жеңімпаз атанғандар қорытынды Мәуліт кешінде марапатталды.

Көкшетау қаласы Науан Хазрет

Орталық мешіті баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру