
Ембі қызмет көрсету колледжінде жастарға бүгінгі түрлі діни ағымдардың кері әсерін, олардың дін ұстанудағы, сеніміндегі қателіктерін түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Оған Ембі қаласының әкімі Ғалым Қобландин, колледж директоры Н.Жанғазиев және «Жастар» ресурстық орталығының нұсқаушысы Л.Нұржанова қатысты.
Жастардың дәстүрлі және дәстүрлі емес діннің ара-жігін ажыратып, шеттен келіп жатқан түрлі теріс түсініктерге тойтарыс бере алулары үшін сауатты болу керектігі баса айтылды. Қаладағы «Нұр» мешітінің бас имамы Әбілқасым Жүнісов бейбітшілік мағынасын беретін ислам дінінің расында жауыздыққа негізделмегендігін және бүгінгі дін атын жамылған кей топтардың қитұрқы әрекеттерінің, асыл дінімізге бұйырылмаған әрекеттері екендігін түсіндірді. Дінге қызығушылық танытушы жастарды сенімді дереккөздерден ғана ілім алуға шақырды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2017
3602
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру