Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Сарыағаш орталық мешітінде жамағатпен кездесті

27.01.2017 4032 0 пікір

ОҚО Сарыағаш қаласы орталық «Сарыағаш» мешітінде қасиетті жұма намазында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет,  ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров, облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет мешіт мінберіне шығып, иман, амал, тәубе жөнінде  уағыз айтып, жиналған көпшілікке бата берді.

Жұма намазынан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахымберді қажы Оспанов Бас мүфтиге ардагерлер және мешіт жамағат атынан алғысын білдірді.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру