Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арман Қуанышбаев Орал орталық мешітінде болды

27.01.2017 3972 0 пікір

Мәуліт мерекесінен кейін  ҚМДБ РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев    Орал орталық мешіт жамағатымен жүздесті. Орталық мешітке жамағат  лық толды.

Жиналған қауым алдында  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов сөз алып,  Ақжайық төріне келген Арман Қуанышбаевты таныстырып, сөз тізгінің ұсынды.

Арман Қуанышбаев «Пайғамбарымыздың көркем мінезі», «Асыл дініміз-Ислам», «Дінді дұрыс түсіну» тақырыптарында уағыз-насихат  айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.  

Теологпен кездесу үш күнге созылады. Облыстық орталық мешітінде ақшам намазынан кейін өз жалғасын табады.

Нұрлан САМАТҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру