Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имам колледж студенттерімен кездесті

27.01.2017 3082 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы қаладағы "Қазақ гуманитарлық заң және техникалық" колледжінде болып, жастармен кездесті.

Кездесу мақсаты – жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу, жастар арасында теріс ағымдардың зияны турасында насихат жұмыстарын жүргізу болды.

Уақыт өткен сайын жастардың мешіттерге көптеп келетіндігін сөз еткен өкіл имам жастарды теріс ағымның жетегінде кетуден сақтандырды.

Сондай-ақ, діни сауат ашу, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алу бойынша тек мешіт имамдарына ғана жүгіну керектігін жеткізді.

Шараға қатысушы жастар бас имам Т.Омаровқа сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру