Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Құрандағы пайғамбарлар қиссасы» атты шара өтті

27.01.2017 3669 0 пікір

Қарағанды облыстық орталық мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Құрандағы пайғамбарлар қиссасы» атты шара өтті.

Шараға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт қатысып, әйелдер мен қыздар жамағатына  өзінің уағыз-насихатын айтып, Құран бағыштады.

Діни басқосуда сектор басшысы жиналған жамағатқа Қасиетті Құрани Кәрімдегі ардақты пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) тарихы мен сипаттары туралы уағыз айтты.  Аталмыш іс-шараға Қарағанды облыстық орталық мешітінің кітапханашысы Сәбиден Таңерке ат салысып, рухани кешке келген қонақтарға өзінің ізгі тілегін жеткізді.

Асыл дінімізді сүю алдымен пайғамбарларды танып, олардың игі істерін өзіміздің бойымызға сіңіруден бастау алары сөзсіз. Аталмыш рухани кездесуге келген әйелдер мен қыздар жамағаты өздерінің Құран мен пайғамбарларға (оларға Алланың сәлемі болсын) деген ерекше құрметтерін көрсете білді. А. Серғалиқызы кеш соңында жиналған нәзік жандарға рухани кешке белсенді қатысқандары үшін өз алғысын білдіріп, Құран бағыштады.

Алдағы уақытта Қарағанды облыстық орталық мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен тағы бірнеше діни іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

 

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру