ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарының қатысуымен жиын өтті.
Жиынды орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.
Жиын барысында қала және аудан мешіттерінің жоспарға сәйкес жүргізіп отырған жұмыстары мен белгіленген 4 бағыт бойынша атқарылған шаралар талқыланды.
Атап айтар болсақ, қайырымдылық шараларын күшейту, жат ағымдармен күресу бойынша шаралардың нәтижелері мен көрсеткіштерін көтеру мәселесі де сөз болды.
Қала және аудан имамдарымен алдағы жоспарларды да талқылаған бас имам Т.Омаров имамдарға жүктелер жүктің, жауапкершілік пен сенімнің маңыздылығын тағы да бір түсіндіріп өтті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.01.2017
3035
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру