ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Ғаламның ғаламның нұры - Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)» атты облыстық Мәуліт кешін өткізді.
Облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрда өткен Мәуліт мерекесі биыл жаңашылдыққа толы әрі әсерлі өтті.
Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келуіне арналған рухани шарада ине шаншар орын болмады.
Рухани шара тарихи көрініспен бастау алды.
Жиналған қауым сол бейнебаянда баяндалған әсерлі тарихты ести отырып, тәуелсіздіктің, бейтбітшіліктің маңызын, құндылығын ұққандай болды.
Келесі кезекте Қасиетті Құранға орын берілді. Құранды ұстаз Әзизов Абдухолик оқыды.
Облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары М.Мұсаев жиналған халықты Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Өкіл имам Т.Омаров құттықтау сөз сөйлеп, әсерлі уағызын жеткізіп, Мәуліт оқудың сауабы хақында насихатын айтты.
Одан кейін шара рухани, діни әндерге, монологтарға, қойылымдарға ұласты. Мерекенің көркін ашқан Мәуліт биыл қазақ тілінде оқылып, жиналған қатысушылар риза болды.
Қызылорда халқына орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің 2016 жылғы атқарған жұмыстары туралы арнайы есебі көрсетілді.
Шара барысында қаладағы №6 мектеп-интернатының мүмкіндігі шектеулі оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, көрермен ризашылығына бөленді.
«Адасқандар», «Тастандылар» деген атаумен көрсетілген қойылымдар қатысушылар көңіліне имандылық сезімін ұялатты.
Сондай-ақ, шарада жергілікті бірнеше имамдарға ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы алғыс хаты табысталды. Алғыс хатта имамдардың Ислам дінінің көркеюіне қосқан үлесі ерекше аталған. Алғысты бас имам Т.Омаров табыстады.
Сонымен қатар, бас имам Т.Омаров шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бірқатар өнерпаздарды да марапаттады.
Мәуліттің құндылығын сезіндіру мақсатында қатысушы тұрғындарға арнайы сый-сияпаттар, діни кітаптар, бүлдіршіндерге безендірілген шарлар мен ақ жаулықты аналарымызға гүл таратылды.
Жалпы, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушы тұрғындар ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.01.2017
4209
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру