
Жаратушы Аллаға иман келтірген мұсылман пенденің қайырымдылық жасауы, мұқтажға көмек беруі, қарттарды құрметтеуі, жетім балаларға мейірім жасауы - имандылықтың белгісі. Әсіресе, қасиетті Мәуліт айында жасалса, сауапқа кенелуі сөзсіз. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылында орналасқан «Перзент» балалар үйінде қайырымдылық Мәуліт мерекесі өтті. Өкіл имам балаларды Мәуліт мейрамымен құттықтап, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайырымдылық жасау жайындағы хадистерін жеткізіп, уағыз-насихат айтты. Мәуліт-шәріф оқылып, жақсы тілектер айтылып, қайырымдылық іс-шара соңында балаларға сыйлықтар беріліп, бата жасалынды.
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.01.2017
3235
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру