
“Нұр-Мүбарак” университетінің бір топ студенттері Алматы қаласындағы Қарттар үйіне арнайы зиярат жасады. Оңтүстік астанадағы қамқорсыз жандардың басын қосқан әлеуметтік шаңырақта бүгінде 300-ге жуық қарт жылулық тапқан.
“Қариясы бардың қазынасы бар” деген қазақ даласы үшін бұл бүгінде өкінішті жағдайлардың біріне айналған. Себебі, ата дініміз әке-шешені қадірлеуді парыз еткен. Алла Тағала қасиетті Құран-Кәрімде: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Тұһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, оларға зекіме, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле», – деп ашық аяттар түсірген. Сондықтан ғасырға жуық иманнан алшақтаған атеистік қоғамның ащы жемісі бүгінде қоғамға ой саларлық деңгейде. Себебі, ҚР Статистика агенттігінің дерегінше, елімізде 70 шақты қарттар үйі бар. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында, одан кейін Ақмола облысы мен Қостанай өңірі. Дегенмен, кей деректерде еліміздегі қарттар үйінің саны 80-нен асса, ал ондағы қамқорлықтағылардың саны 30 мыңнан асады делінген. Қалай болғанда да бұл өте ауыр жағдай. Тастанды бала тағдыры мен қамқорсыз қарттар қоғамдағы орасан олқылық белгісі.
Сондықтан "Нұр-Мүбарак" университетінің студенттері қолдан келгенше мейірімділікпен қариялардың көңілдерін аулауға тырысуда. Исламтану, дінтану, шет ел филологиясы бойынша білім алып жатқан студент қыздарымыз қарттардың халін білгенде олар материалдық емес, рухани-моральдық қолдаудың маңыздылығы мен қажеттілігін айтып, қайырымды қыздардың келесі зияраттарын асыға күтетінін айтқан.
Ал, “Қайырымды жандар” еріктілер тобын құрушы Қайрат Тоқтасынұлы деген азамат алдағы жоспарларының орасан екенін, қарттармен бірге жетімдер үйі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары мен мүгедек-ауру сәбилерге қол ұшын беруді жоспарлауда.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Кім адамдарға мейірімділік етпесе, Алла оған мейірімділік жасамайды”, - деген. Осы хадистен мұсылман баласының қарт, жетім-жесір, мұқтаждарға қатысты көп түйткілін қамтып тұрғанын түйсіну қиын емес.
Айша КЕҢЕСБАЙ,
“Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.01.2017
5888
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру