Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Озат оқушыларға шәкіртақы берілді

23.01.2017 3932 0 пікір

Елдің ертеңі салауатты да сауатты ұрпақтың қолында екендігін ескерсек, білімге ынтық жанды білуге одан бетер ынталандыру да сауапты іс екені анық.

Осы орайда, жақында аудан әкімі Ербол Данағұлов пен «Нұртай» мешітінің тарапынан және бір игі бастама көтеріліп, қаламыздағы бес бірдей орта мектептің таңдаулы озат оқушыларына шәкіртақы табысталды. Қандыағаш қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай және «Нұртай» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтің қолынан әрқайсысы 5000 теңге көлемінде шәкіртақы алған 25 оқушы да, олардың ата-аналары да шексіз қуанып қалды. Оқушыларға алдағы уақытта да білімге терең үңіліп, үздіксіз ізденісте болуларын тілеген үлкендер балаларды білім нәрімен сусындатқан мектеп мұғалімдеріне де алғыстарын білдірді. Білім жолында үздік болуға үгіттейтін үрдіс сауапты істердің соңы емес. «Жақсылықта жарысу – ізгіліктің жаршысы» ұранымен қолға алынған қайырымдылық шарасының аясында атқарылған бұл ізгі амалымыз бір Алланың қалауымен оқу жылының соңына дейін жалғасын табады деп сенеміз.

 

«Нұртай» мешітінің баспасөз қызметі

Мұғалжар ауданы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру