Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйел жамағаты «Аналар үйінде» болды

23.01.2017 3641 0 пікір

Жақында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің әйел ұстаздары мен шәкірттері қаламыздағы «Аналар үйінде» болып, ондағы қыз-келіншектердің тұрмысымен танысып қайтты.

«Аналар үйінің» үйлестірушісі Лакова Таңсұлудың айтуынша, мұнда бүгін 11 әйел, 10 баладан тұратын үлкен бір отбасы өмір сүріп жатыр. Олар - Тәңірдің тағдырға жазғаны, бәлкім таңдаудың қателігінен де болар, иек артқан ер азаматтары сенімін ақтамай, сезімін аяқасты етсе де, баласын тастанды қылмай бір өзі тәрбиелеуге берік бекінген аналар. Әйтсе де, өткенге өкпе артпай, алға зор үмітпен қадам басқан олар мұнда қол қусырып, бекерге отырмайды: аптасына екі мәрте компьютерлік және дизайнерлік үйірмелерге қатысып, ілім үйренеді, іс тігеді, өздері тіккен әр түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдарын сату арқылы аз-кем нәпақаларын айырып, күнкөріс қылады.

 

IMG 20170120 WA0016

 

IMG 20170120 WA0021

 

IMG 20170120 WA0023

 

IMG 20170120 WA0024

 

IMG 20170120 WA0025

 

Қарагөз әпке-сіңлілерінің көңілдерін аулап, сыр тарта сөйлескен мешітіміздің әйел жамағаты оларға әрі балаларына да көптеген базарлықтар ала барды. Қайырлы іске қаражат жұмсап, барлығы 18 000 теңгеге тәтті дәмдер, балаларға арналған жөргектер (памперс) алынды.   

IMG 20170120 WA0020

 

IMG 20170120 WA0026

 

P.S.: Самайы ағарып, қасына қарттық келіп түстенген шақта бас сауғаларға баспана таба алмаған көңілі қам қариялардың, қарттардың үйі. Безбүйрек әкесі безініп, тоғыз ай көтерген туған анасы жатсынып тастап кеткен соң өкіметтің өгей баласы болып тәрбиеленіп жатқан қарагөздердің – жүрегі жыларман жетімдердің үйі. Енді міне, аналардың үйі. Тегінде, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған қазақтың тектілігіне бұл жараспас қылық.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру