Павлодар қаласы облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде "Әйелдер-қыздар" секторының Павлодар облысы бойынша жауаптылары, Ақсу, Екібастұз қаласы және қалалық «Ақмешіт» мешітінің діни сауат ашу курстарының ұстаздары бірлесіп 2016 жылы атқарылған іс-қызметтерінің есебін сараптап, 2017 жылы атқаратын жұмыс жоспарларын талқылады.
Аталмыш шараға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат қатысып мешіттердегі әйел жамағаттар арасынан діни жат ағым жетегіне кетушілердің алдын алуда «Әйелдер-қыздар» секторының іс-қызметінің маңыздылығы мен әйел ұстаздар жұмысының жауапкершілігіне кеңінен тоқталды.
Аталмыш басқосу соңында сектор басшысы Қарлығаш Қажымәлікқызы ҚМДБ-нан бекітілген «Әйелдер-қыздар» секторынан атқарылатын іс-қызметтер бағытын ұстана отырып, 2017 жылы облыс көлемінде жүргізілетін іс-шаралар жоспарын ортаға салып, жаңа ұсыныстармен толықтырып бекіткені туралы хабарлады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.01.2017
4183
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру