Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен Рахматулла Моллақанағатұлын «Теректі» аудандық мешітінің Бас имамы болып тағайындалды.
Бұл жөнінде мешіт жамағатымен жүздескен "Орал" орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов арнайы таныстыра келе, осыған дейін «Теректі» аудандық мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған Халықбек Сыдықовты "Подстепное" ауылдық жеріне имамы болып тағайындалғанын жеткізді. Рахматулла Моллақанағатұлын Алматы қаласындағы "Нұр-Мүбарак Егепит Ислам" университетінің түлегі, жоғары білімді имам, имандылық жолына сәттілік тілеймін, - деп ақтілегін жеткізді.
Діни басқарма жүктеген жұмыстарға жауапкершілікпен қараған Халықбек Сыдықов «Теректі» мешітінде жұмысын абыроймен атқарды, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы өз қолымен иығына шапан жауып, атқарған қызметіне аудан әкімі Ерболат Мұқаевтың арнайы "Алғыс" хатымен марапатталды.
Жаңа қызметке тағайындалған әріптестерімізге сәттілік тілейміз.
Нұрлан Саматұлы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.01.2017
4001
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру