Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда мәуліт кеші өтеді

17.01.2017 4519 0 пікір

Құрметті Қостанайлықтар және қала қонақтары сіздерді үстіміздегі жылдың 21 қаңтарда сағат 11.00-де, «Мирас» мәдениет сарайында өткізілетін әлемнің жарық нұры, екі дүние сәруәрі болған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күні, Мәуліт мерекесіне арналған «Адамзаттың абзалы» атты мерекелік рухани кешімізге шақырамыз.

Бұл мейрамды атап өткізудегі негізгі мақсат – Алланы мадақтап, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту, ел бірлігін насихаттау, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, қоғамымыздағы адамдарды Отан сүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-анасын  құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру