
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің "Қыздар" секторы Мәуліт мерекесін атап өтті.
Шараға, сондай-ақ, Жалпы және жастар бөлімі атсалысты. «Мәуліт мүбарак болсын» атты рухани шарада мешіт жамағаттарынан құралған нәзік жандылар өз туындыларын оқып, тәлімі мен тәрбиесі мол қойылымдар қойды.
Шарада қасиетті Мәуліт мерекесінің мән маңызы түсіндіріліп, діни әндер орындалды.
Сонымен қатар, дұға жасау, Алла Тағалаға мадақ айту, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту секілді ғибадаттар орындалып, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.
Шара соңында қатысушыларға арналған дастархан жайылды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.01.2017
3409
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру