Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сенат депутаты 2 ғасырлық тарихы бар Құран сыйлады

17.01.2017 3517 0 пікір

Жуырда Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов жамағатты ерекше қуантты.

Осы уақытқа дейін ислам иісі сіңген көне жәдігерлерді көзіндей сақтап келген ол қос бірдей Құран кітабы мен ескі жайнамазды өз қолымен облыстық «Руханият» мұражайына табыстады. Арнайы сертификаттары бар аталмыш жәдігерлерді қасиетті жұма күні қалың жамағатқа таныстырып өткен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан өз сөзінде өскелең ұрпақтың мұра болып қалар мұндай жәдігерлерді бағалап, оның тереңде жатқан тарихын жадыға түйіп, құрметтеп өсуі керектігін жеткізді.

Әр парағы сарғылт тартқан отыз паралы қасиетті Құранның алғашқысы 1787 жылы Бұқарада басылып шыққан. Екі ғасырдан астам уақыт бойы сақталып келген, күллі адамзатқа ескерту болып түскен Алланың ақиқат сөзі енді мұражайдың төрінен орын алды. Ал көлемі жағынан үлкенірек екінші Құранды Елеусін Наурызбайұлының өзі ақтөбелік жамағатқа арнайы сыйлық есебінде алған. Ислам мұрасын толықтырған жәдігерлердің соңғысы - кезінде Ресей патшалығынан сыйға келген, Раббысына құлшылық қылған мұсылман құлдың маңдайы тиген жайнамазы. Баһадүр балаларымызға тиесілі болған мұндай діни жәдігерлердің көптеп табылуы діні мен дәстүрін қатар ұштастыра білген қазақ халқында мұсылманшылықтың жұрнағы ертеден бастау алатындығының және бір айғағы болмақ. Сондай-ақ, исламға күйе жағып, қазақты дінсіз болған деп негізсіз жала жабушыларға да қарсы жауап бұл.

Тарихты құрметтеп, исламға жанашыр болған ағамыздың ісіне берекет тілеп, Алла одан разы болсын дейміз.

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру