Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көп балалы жанұялар мешіттен көмек алды

17.01.2017 3271 0 пікір

«Һибатулла Тарази» мешітінде көп балалы отбасыларға арналған қайырымдылық науқаны өтті.

Іс-шара аясында балалы-шағалы 15 анаға көмек ретінде 12 000 теңгеден үлестірілді. Сонымен қатар, бума-бума, қап-қап азық-түліктер таратылды.

Аталған қажеттіліктерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев табыстады.

«Балалы үй базар», - дейді дана халқымыз. Елдің санын көбейтіп, халқына қызмет етер азаматтарды тәрбиелеп отырған жұртшылық мынадай қайырымдылық үшін шын разы.

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру