
ОҚО Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің ұйытқы болуымен адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келуіне арналған «Мәуліт Төлеби төрінде» атаумен мерекелік шарасы аталып өтті.
Аталмыш рухани шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, жергілікті аудан әкімі, ауыл әкімдері мен билері және мешіт имамдары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Мерекені «Ал-Баари» мешітінің имамы Вапаев Рустам әуезді Құран оқумен бастады. Рухани шараны аудан имамы Анарбаев Самат жүргізіп отырды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы ғибратты бейне ролик қойылып тамашаланды.
Шара барысында Мәуліт жырын, салауатын оқылып, ақындар айтысы мен жыр термелеріне орын берілді. Осыдан кейін, ОҚО өкіл имамы орынбасары Бегайдар қажы Әміре жиналған жамағатқа уағыз-нәсихат айтып, мұсылман жамағатын риза етті.
Төлеби ауданы «Нұр» мешітінің бас имамы Анарбаев Самат келген барша жамағатқа сый-сияпат беріп, үлкен алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.01.2017
3332
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру