Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Қыздар арасында спорттық эстафета өтті

16.01.2017 4506 0 пікір

Мейірімді де, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

«Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш,

әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер...»

(Әнфал, 60 аят)

Спорттық жарыстар - адамның шыдамдылық пен сабырлығын шыңдайтын, сынайтын сәт. Мұсылман адам жан-жақты болуы керек, мұсылманға тән ізгі қасиеттер арасына спортты қоссақ та көптік етпес. Осыған орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы жанындағы жалпы және жастар ісі бөлімі әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен Алматы қалалық №40 мектеп спорт залында салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын, «Денсаулық – зор байлық» атты спорттық эстафета өтті.  Аталған іс-шарада Алматы қаласының 7 ауданынан 7 топ 7 ойын түрінен өз бақтарын сынады. Ойын барысында өздерін үздік көрсеткен:

І орын: Алатау аудандық мешіті     

ІІ орын: Жетісу аудандық мешіті      

ІІІ орын: Алмалы аудандық мешіті    

Командалары қаржылай сыйлық және алғыс хаттармен марапатталды. Ойынға қатысып, белсенді және жақсы ойын көрсеткендері үшін Орталық мешітке және Әуезов аудандық, Бостандық аудандық, Наурызбай аудандық мешіттерге алғыс хаттар мен ынталандырушы сыйлықтар табысталды. Жалпы, іс-шараға 35 шәкірт, 8 ұстаз қатысты.

Хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың  игілігі мен сәлемі болсын):

«Мықты мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда қайырлы және Аллаға сүйікті».

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші спорттың адам денсаулығына пайдасы  орасан зор. Әрі денсаулық Алланың берген аманаты.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру