Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей өңірі Бесқарағай ауданында Мәуліт мерекесі өтті

13.01.2017 4226 0 пікір

Қаңтардың 11-і күні Семей өңірі Бесқарағай ауданында адамзаттың ардақтысы, "үмметім", - деп дүниеге келіп, үмметім деп дүниеден өткен Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған Мәуліт мерекесі аудандық көлемде арнайы аталып өтті.

Мерекені көруге, рухани азық алуға келген мұсылман қауымы аудандық мәдениет үйіне көп жиналды. Игілігі мол бұл шараға аудан әкімі Нұржан  Тлеужанұлы, әкімнің орынбасарлары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл молдалары, аудан тұрғындары және Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлының арнайы қатысуымен өтті.

Мәуліт мерекесі құран оқып, Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  салауат айтуымен басталды. Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Нұржан Тлеужанұлына беріліп, ол кісі жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, мерекеге арнайы келген өкіл имамға алғыс хат және Бесқарағайлық  шебердің қолынан шыққан сағатты сыйға тартып, рахметін айтты. Жастары жетпіске келген ауыл молдасы Дәлелбек ақсақал және Серік ақсақал аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Келесі кезекте құттықтау сөз алған Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлы :"Құрметті мұсылман қауымы, Мәуліт мерекесі мүбарак болсын! Ұлық мерекеде Аллаға мадақ, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту сауапты амал. Құранда да Алла Тағала шынында мейірімді Алла  және оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Ей, мүминдер сендерде Пайғамбарға салауат айтып, сәлем жолдаңдар деп бұйырады және Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: "Кімде кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады", он қателігін сызып, он есе дәрежесін жоғарлатады", - деген тағылымы терең уағыз-насихатын айтып мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлкен қолдау көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын білдіріп Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің "Дін мен Дәстүр" кітабін, Құран аяттары жазылған естелік сыйлық пен алғыс хат табыстады . 

Мерекенің  мазмұнын байытып мәнін аша түскен  аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының айтқан рухани әндері, дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды, сахналық көрініс арқылы  бейнелеуі көрермен көңіліне ой салып, көздеріне жас келтіріп ерекше әсерге бөледі. Мереке соңын қорытындылаған аудан имамы Серікжан Аманұлы  жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап,  бұл мерекені жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсеткен аудан басшылығына,  ауыл молдаларына,  мәдениет үйінің өнерпаздарына, жеке кәсіпкерлерге рахмет айтып, алғыс хат табыстады.

Мерекенің соңы  "Томирис" асханасындағы аспен жалғасып, дұға тілектер айтылды.

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру