Павлодар облысы, Екібастұз қаласының «Өнер» ҚМО-да ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айына арналған Мәуліт мерекесі өтті.
Мәуліт мерекесінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көркем-мінезі туралы бейнефильмі көрсетілгеннен кейін Павлодар қаласының «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы, ұстаз, қари Ербол Отанханұлы құран оқыды. Мерекелік кешті Қазақстан республикасының ақын айтыскері Арман Бердалин ағамыз бастап, келген жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтап, сөзді «Екібастұз» қалалық мешітінің бас имамы Бауржан Болатжанұлына берді. Бас имам мұсылман қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап пайғамбарымыз жайында уағыз-насихат айтты, артынан мешіттің шәкірт қажы апалары ортаға шығып халыққа шашу шашты. Әкімшіліктен Екібастұз қаласының мәслихат хатшысы Болат Қайыржанұлы құттықтап сөз сөйледі. Павлодар қаласының «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен келген наиб имам, ұстаз Хасан Ташайұлы көпшілік қауымды өкіл имам Нариман Қажы Ермекұлы атынан құттықтап, пайғамбарымыз жайында уағыз-насихат айтты. Жүргізуші Арман Бердалин ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянынан жамағатқа ұлағаттыда өнегелі әңгімелер айтып, өмірден әртүрлі мысалдар келтіріп өзінің «Жоқ іздеп жүрмін» деген толғауын оқып халықтың қошеметіне бөленді.
Мәуліт мерекесіне келген жамағаттың балалары арасында сұрақ-жауап (викторина) ойнатылды, сұраққа бәріненде тез және дұрыс жауап берген балаларға 1 орынға планшет, 2 орынға смартфон, 3 орынға 15 000 мың теңге, 4 орынға 10 000 мың теңге, 5 орынға 5 000 мың теңге және тағы да басқа бес балаға қосымша сыйлықтар үлестірілді. «Мұрагер» пансионатынан келген шәкірттер салауаттар оқығасын Бас имам Бауржан Болатжанұлы келген жамағатқа алғысын білдіріп, рахмет айтты. Мәуліт мерекелік шара барысында «Өнер» ҚМО-да «Екібастұз» қалалық мешітінің әйел шәкірттері қайырымдылық жәрменкесін жасап келген қонақтарға дәмді тағамдарды және қолдан жасаған өз бұйымдарын халыққа ұсынды.
Мешіт тарапынан дайындалған автобустар жиылған жамағатты «Өнер» ҚМО-нан қалалық мешітке намазға әкеліп, артынан «Үміт» мейрамханасында Мәулітке арналып мерекелік ас берілді. Мерекелік дастархан басында Павлодар қаласының «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы, ұстаз, қари Е.Отанханұлы құран оқып бағыштап, уағыз-насихат айтты. Мәуліт мерекесіне келген жамағат осындай мерекелік шара ұйымдастырған «Екібастұз» қалалық мешітінің өкілдеріне рахметтерін айтып жылы лебіздерін білдірді.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.01.2017
3608
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру