10 қаңтар күні «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында мүгедек балалар қоғамының тәрбиеленушілері мен ата-аналарына арналған дастархан жайылды. Шараға «Аналар» үйінің меңгерушісі Таңшолпан Зағитқызы және оның қамқорындағы кісілер қатысты. Ақтөбе өңірінің өкілі Т.Оспан іс-шараның ашылуына қытысып, өз ізгі тілектерін білдіріп, уағыз айтты.
Дайындап келген жыр-термелерін тарту еткен бүлдіршіндердің әрқайсысына сый-сияпат берілді. Ата-анасын Меккеге апаруды армандап өлең шырқаған бүлдіршінге өкіл имам өзінің арнайы сыйлығын табыс етті. Ризашылықтарын танытқан ата-аналар мен балалардың жүздеріне шаттық ұялады. Іс-шара барысында спорттық ойындар мен «Ең үздік суретші» атты логикалық ойындар өткізілді.
Кеш соңында қайырымдылық акциясы аясында келуші қонақтарға азық-түлік толы дорба таратылды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.01.2017
3478
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру