
2017 жылғы 08 қаңтарда Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Горняк» орталық мәдениет сарайында Хазірет Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күні «Мәуліт» мерекесі аталып өтті.
Пайғамбарлардың төресі, адамзаттың асыл ұстазы, Алла Елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолын жан-жақты ашып түсіндіру, исламның асыл құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мерекелік кешті Щучинск қаласының өнерпаз жастары жүргізді. Рухани кешке келген ҚМДБ жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, ҚМДБ Ақмола облысы бойынша өкілі имамы Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы, Астана қаласы Әлжан ана мешітінің бас имамы Сәбит Қуаныш Жұмабайұлы және Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Шабаров Сағындық мырзалар жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Кеш барысында Хазірет Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен бейне ролик көрсетіліп, Мәуліт кешіне жиналған жамағатқа гүл шоқтары таратылды. Мәуліт айына орай қаладағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларына күнделікті мұқтаждықты өтеуге қажетті азық-түліктер және тұрмыстық заттармен қайырымдылық жасалды.
Ақмола облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.01.2017
3298
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру