Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Таугүл-3» мешітінде мәуліт кеші өтті

10.01.2017 3531 0 пікір

Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай рухани кеш өтті. Шарапатты шараға арнайы келген «Нұр-Мүбәрәк» университетінің ұстазы, доктор Ахмад Ражаб пен қари Ерсін Әміре Мәуліттің мәніне тоқталып, Алла елшісінің  сүннетінен сыр шертсе, Кәмнұр Тәлімұлы, Дәулетбек Байтұрсын, Құл-Керім Елемес, Жарылқасын Дәулет секілді ақындар жырдан шашу шашты.

Қари Бахтияр Қыдырбекұлының оқыған Мәулітінен кейін, жамағат арасында, Сұрақ-жауап жарысы өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Жиынды қорытындылаған бас имам Нұржан Таласұлы келген кісілерге, әсіресе ақын ағаларымыз бен Сәкен Майғазин, Дулыға Ақмолда секілді өнер қайраткерлеріне алғысын білдіріп, мешіт атынан сый-сияпатын үлестірді.  «Ардақты Пайғамбарымызға (Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) айрықша құрметін білдіру үшін, сүйікті Елшіге сағынышын, махаббатын паш ету үшін келген барша бауырларымызға «Алланың нұры жаусын!» дейміз!»- деді бас имам өз сөзінде. Иә, Жаратқан Иеміз ізгі ниетімізді қабыл алып, сүйікті елшісінің шапағатын нәсіп еткей!

Таугүл-3 мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру