Еліміздің түкпір-түкпірінде тарихы әріде жатқан мешіт-медреселер аз емес. Мәселен, Маңғыстаудағы Х-ХV ғасырларының сәулет ескерткіші саналатын Шақпақ ата жер асты мешіті, Қостанайдағы қазір Марал ишан мешіті деп аталатын тарихын ХІХ ғасырдан бастайтын Ақмешіт бар, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданына қарасты Ақкөл ауылдық округінде көненің көзіндей болған 1905-1907 жылдары татар көпесі салдырған ескі ағаш мешіт бар. Бұлардың әрбірі туралы ауқымды дүние жазуға болады. Біз бүгін сол мешіттердің арасында ерекше деген бірнеше мешітке ғана тоқталғалы отырмыз.
Семей өңіріндегі мына мешіт – еліміздегі ең көне мешіттердің бірі болып саналады. Құрылысы сонау 1852 жылы басталған ғибадат үйінің қабырғасы кірпішпен тұрғызылған, ал айналдыра салынған 14 терезесі мешіттің негізгі көркі болып тұр.

Семей мешіті
Көкшетау қаласында орналасқан «Науан Хазрет» мешіті де еліміздегі құрылысы ерекше және тұтастай ағаштан тұрғызылған сирек мешіттердің бірі. 1904 жылы іргетасы қаланған ғибадатхана ғасырдан астам уақыт бойы өңірдегі ислам дінінің таралуына өз ықпалын тигізіп келеді.

Науан хазірет мешіті
Бұл «қытайлық үлгідегі» мешіт Алматының Қытай елімен шекаралас жатқан Жаркент қаласында орналасқан. Көзге ерекше көрінетін ғажайып ғимарат 1892-95 жылдары қытайлық сәулетші Хон Пиктің жобасы негізінде салынған екен. Құлшылық үйінің бір артықшылығы Тянь-шань шыршасынан салынған мешіт құрылысына шеге қолданылмаған, оларды қиып, қашап қиюластырған.

Жаркенттегі Қытайлық үлгідегі мешіт
E-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.01.2017
5982
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру